
2026 жылғы 16 маусымда «Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ-де ZOOM платформасы арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңеске Департамент басшысы А.Ж. Нарматов төрағалық етті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі талаптары, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері қаралды.
Әдеп жөніндегі уәкіл Г.Ж. Ботабекова сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтық пен заңдылық қағидаттарын қамтамасыз ету жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау және қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындау қажеттігі атап өтілді.