Жеке көмекшінің қызметтерін көрсету қағидаларын енгізілетін өзгерістер жобасы туралы

Жеке көмекшінің қызметтерін көрсету қағидаларын енгізілетін өзгерістер жобасы туралы

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Министрлік Ашық Нормативті Құқықтық Актілер порталында жеке көмекші қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі түзетулер жобасын орналастырды.

Біз аталған қызметті алушылар және қызмет көрсетушілер, яғни жеке көмекшілер арасында қызу талқыланып жатқанын байқап отырмыз.

Осыған байланысты келесі түсіндірмелерді беруді жөн деп таптық:

Біріншіден, аталған қызметті алушылар жеке көмекшілердің міндеттері бөлігінде ешқандай жаңа талаптар мен қосымша функциялар енгізілмейтінін түсінуі қажет. Жеке көмекшінің негізгі міндеті – мүгедектігі бар адамды А нүктесінен Б нүктесіне қауіпсіз алып жүру және сүйемелдеу.

Екіншіден, жеке көмекші қызметтеріне төленетін ақы бұрынғы деңгейде сақталады. Енгізілетін өзгерістер қызмет құнын айқындау әдістемесіне қатысты болғанымен, осы қызметті көрсететін тұлғалар үшін төлем мөлшері бұрынғы деңгейде қалады. Сонымен қатар, қызмет құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің өсуіне қарай қайта есептелетінін атап өткен жөн.

Үшіншіден, біз бұл мәселенің, әсіресе Әлеуметтік қызметтер порталының жұмысына қатысты бөлігінің кеңінен талқыланып жатқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер жан-жақты талданатын болады.

Қазіргі уақытта бұл жұмыс басталып кетті. Қызмет алушылардың, сондай-ақ осы қызметті көрсететін азаматтардың күнделікті тәжірибесіне негізделген, шын мәнінде өміршең әрі сындарлы ұсыныстар қабылданатын болады.

Әлеуметтік қызметтер порталының тиімді жұмыс істеуіне бағытталған орынды және негізді ұсыныстар міндетті түрде қарастырылып, назарға алынатындығын атап өтемін.

 

Нұрлыбек Сариев - ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің бас сарапшысы