«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік»

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік» тақырыбында жиын өткізді.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін теріс әсері талқыланып, оның алдын алудың тиімді жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мәселесіне ерекше назар аударылып, азаматтардың күнделікті өмірде мемлекеттік қызметтерді алу барысында лауазымды тұлғаларға пара беру немесе сыйақы ұсыну әрекеттерінің заңға қайшы екені айтылды.

Жиын соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда әр азаматтың белсенді рөлі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидатын күнделікті өмірде ұстану, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу қоғам дамуының басты негіздерінің бірі екені ерекше айтылды.