
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 жылғы 14 мамырында №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Смаилханова, «Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филалының өкілінің қатысуымен Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі және Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «В. Терешкова» атындағы орта мектеп ұжымында халықты әлеуметтік қолдау шараларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі аясында зейнетақы және жәрдемақылар бойынша енгізілген өзгерістер, арттырыулар, балалы отбасыларды қолдау, әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер мәселелері түсіндірілді.
Түсіндірме жұмыстарының соңында аудан тұрғындары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға мамандармен жан-жақты жауап берілді.