
2025 жылдың 24 сәуір айында ШЖК КМК “Қапшағай аудандық ауруханасында” Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары Г.Ботабекова, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары Г. Жунусова, әдіснама және бақылау бөлімінің мамандары және Қонаев қаласының, Талғар қаласының, Іле, Еңбекшіқазақ аудандардың ДКК төреғаларының қатысуымен семинар жүргізілді.
Семинар барысында:
* Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 «МӘС жүргізу қағидалары» бұйрығына сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптаманы (МӘС) көзбе көз және сырттай-проактивті форматта өткізу тәртібі;
2026 жылдың 3 айы және 2025 жылдың 12 айы бойынша көзбе көз және сырттай-проактивті форматта 031/у нысанымен негізсіз жолданған науқастарға талдау жүргізу, сондай-ақ сырттай-проактивті жолдама кезінде 031/у нысанын сапасыз рәсімдеу жағдайларын талдау;
Алматы облысы аудандары бойынша 2026 жылдың І тоқсанына арналған медициналық-әлеуметтік сараптамаға талдау (интенсивті көрсеткіш, толық оңалту, ішінара оңалту, мүгедектік тобының ауырлау жағдайлары, 2025 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда. ЖОБ (ИПАР) әзірлеу);
Алматы облысының медициналық ұйымдарынан медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС), жұмысқа медициналық жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі міндетті өтеуден өткен, жас маман дәрігерлер шақырылды.