
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі зейнетақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енетін келісім жасасты. Құжатқа 2024жылғы 29 қазанда Ұлан-Батор қаласында қол қойылған және Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 ақпандағы Заңымен ратификацияланған.
Келісім екі ел азаматтарына зейнетақы тағайындау мен төлеу тәртібін реттеуге, сонымен қатар басқа мемлекет аумағында жинақталған еңбек өтілін есепке алуға мүмкіндік береді.
Ынтымақтастық зейнетақы саласында – бұл еңбек өтілін өзара есепке алу, сондай-ақ әскери қызмет және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және арнаулы орта білім беру ұйымдарында оқу кезеңдерін еңбек өтіліне есепке алу.
Келісімде сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы жинақтаушы зейнетақыны экспорттау бойынша ынтымақтастықтың жаңа түрі көзделеді.
Мәлімет үшін хабарлаймыз: жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бұрын ұсынылған құжаттарды толықтыратын еңбек өтілі туралы құжаттарды ұсынған кезде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін өзгерту (Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығы) қағидалардың 22, 23 нысандарға сәйкес өтініш берілген күннен бастап жүргізілген арттыруларды ескере отырып, тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Қағиданың 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген құжаттар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жария етуге жатады.
Келісімнің арқасында екі ел азаматтарының құқықтық сенімділігі мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін еңбек өтілі мен трансшекаралық зейнетақы төлемдерін жинақтаудың ашық тетігі енгізіледі.
Карлыгаш Акжолтаевна Естеуова,
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
реттеу және бақылау комитетінің
Алматы облысы бойынша департаментінің
№1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы