Мемлекеттік қызметке шақыру

Мемлекеттік қызметке шақыру

🏥 Дәрігердің мемлекеттік қызметтегі жұмысы — тұрақтылық пен болашаққа сенімділік

Алматы облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті медико-әлеуметтік сараптама жүйесінде жұмыс істеу үшін білікті дәрігерлер мен медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін шақырады.

Бұл — кәсіби білімді жүзеге асыруға, тұрақты жұмысқа орналасуға және азаматтарды қолдауға нақты үлес қосуға мүмкіндік.

Біз шақырамыз:
* әртүрлі бағыттағы дәрігерлерді
* сарапшы-дәрігерлерді
* жас мамандарды

Біз кепілдік береміз:
✨ лайықты және уақтылы еңбекақы
✨ толық әлеуметтік пакет
✨ мемлекеттік кепілдіктер
✨ мемлекет есебінен біліктілікті арттыру
✨ мансаптық өсу
✨ заманауи еңбек жағдайлары

Кандидаттарға қойылатын талаптар:
* жоғары медициналық білім
* жауапкершілік пен ұқыптылық
* кәсіби этиканы сақтау

Мысалы:
Медико-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы
Орташа жалақы: 327 923 теңге

Лауазым санаты: Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес
C-O-5

Жалпы біліктілік талаптары:
Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
* жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
* жұмыс өтілі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар:
* жоғары білім
* жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандық бойынша талаптар:
* Жалпы медицина (саласы — Денсаулық сақтау)
* Педиатрия (саласы — Денсаулық сақтау)

Функционалдық бағыты:
* Денсаулық сақтау

Функционалдық міндеттері:
Науқастар мен мүгедектігі бар адамдарды куәландыруды жүргізу, мүгедектік топтарын, себептерін, мерзімдерін және басталу уақытын, еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін, «мүгедек бала» санатын организм функцияларының бұзылу дәрежесіне және тіршілік әрекетінің шектелуіне байланысты анықтау; мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған деректер базасын қалыптастыру, мүгедектік себептері, құрылымы мен жағдайына мониторинг жүргізу; мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу және түзету, олардың орындалу тиімділігін бақылау; еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жарақат алған немесе денсаулығына өзге де зиян келген қызметкердің қосымша көмек пен күтімге қажеттілігін айқындау.

Медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне МӘС және мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету; №7 нысан бойынша жылдық жиынтық есепті, тоқсандық есептерді және өзге де ақпараттық-статистикалық құжаттарды жасау; композиттік қызмет көрсету; өз құзыреті шегінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу; Департаменттің тапсырмасы бойынша сотта және басқа да ұйымдарда медико-әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша өкілдік ету; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңнаманы түсіндіру.

Лауазымдық жалақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес, жалпы конкурсқа қатысу үшін алдын ала тестілеу рәсімдерінен өткен азаматтар жіберіледі.

Шағымдану тәртібі:
Кандидаттар конкурс нәтижелеріне және/немесе кадр қызметінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібімен шағымдана алады.

Жұмыс орны: Алматы облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті
Мекенжай: Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1-шағынаудан, 41/4
Байланыс телефондары: 8 (705) 112-36-34; қабылдау бөлімі 8 (727 72) 7-95-55
Электрондық пошта: almatyobldep@enbek.gov.kz