
2026 жылдың 07 сәуірінде «Qosyl» платформасы арқылы онлайн режиімінде «Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының БЭК, фронт-офис қызметкерлерінің қатысуымен «Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге мемлекеттік жәрдемақыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлемді тоқтату, тоқтата тұру туралы» тақырыбында техникалық сабақ өтті.
Техникалық оқыту барысында Қазақстан Республикасының 20.04.2023 жылғы №224-VII Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес заң аясында белгіленген мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге мемлекеттік жәрдемақыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлемді тоқтату, тоқтата тұру туралы №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы О. Рақымбеков түсіндірме жүргізді.