
Облыс әкімінің аппараттық кеңесінде Алматы облысы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Депратаменті басшысы А. Нарматов баяндама жасады. Баяндамасында жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмысқа тоқтады және медициналық әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолданымдардың өсуін ерекше айтты. Келешекте мәселенің алдын алу бойынша және қайталанбау үшін облыстың емдеу мекемелерінің дәрігерлік кеңестік комиссияларының жұмысына денсаулылық сақтау басқармасы аса назар аударып тиісті шараларды қабылдаудың керектігін атап өтті.