«Ашық есік күні»

«Ашық есік күні»

2026 жылдың 10 наурызында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Балқаш ауданында Халыққа арналған цифрлық кеңседе «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Аталған іс-шараға департаменттің №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А. Оразалина «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы филиалының Балқаш ауданы бөлімшесінің өкілдерімен бірлесе отырып, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында аудан халқы тарапынан қойылған барлық сұрақтарға спикерлер жан-жақты жауап берді.