
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп 2026 жылғы 5 наурызда оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді. Семинарға аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қатысты.
Іс-шара барысында мүгедектігі бар адамды абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі, оның ішінде міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі түсіндірілді