
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп 2026 жылғы 4 наурызда оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді. Семинарға Қонаев қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ "Қамқор Жүрек"қоғамдық қоры ҮЕҰ төрағалары мен қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі, оның ішінде міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі түсіндірілді.