Профилактикалық бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Профилактикалық бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Мемлекеттік бақылау және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі» сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары – МӘҚИ М.Б. Мәжитов және А.М. Ақылбек «Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2026 жылдың 23 ақпан – 27 ақпан аралығында профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Профилактикалық бакылау барысында ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224 - VII «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» басты талаптарын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптарын түсіндірді.
Профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша кемшіліктерді түзеу туралы ұйғарым еңгізілді.
Сонымен қатар, профилактикалық бақылау барысында Нарынқол ауылында ЖҚжӘББнің әлеуметтік қызметкерлерінің арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуді бақылау мақсатында кездесулер ұйымдастырылды.
Қойылған сұрақтарға департамент мамандары өз құзыры және Заң шеңберінде жауап берді.