ҚР ЕХӘҚМ кеңейтілген Алқа отырысында әлеуметтік-еңбек саласындағы 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттер туралы айтылды

ҚР ЕХӘҚМ кеңейтілген Алқа отырысында әлеуметтік-еңбек саласындағы 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттер туралы айтылды

Халықты нәтижелі жұмыспен қамту мәселесі - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің стратегиялық басымдығы. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыс жай ғана қызмет көрсету емес, еңбек нарығын толық цифрландыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жаңа сапалық деңгейге көтерілді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қолдау шараларының басым бөлігі онлайн форматқа көшірілді. Бұл ізденушілер мен жұмыссыз азаматтардың басым бөлігіне мансап орталықтарына бармай-ақ, қажетті көмекті қашықтан алуға мүмкіндік берді. Дамудың келесі кезеңі - жасанды интеллект негізіндегі проактивті цифрлық қызметті қалыптастыру.