Профилактикалық бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Профилактикалық бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Мемлекеттік бақылау және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі» сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мемлееттік инспекторлары А. М. Ақылбек пен М. Б. Мәжитов «Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2026 жылдың 17 ақпан – 20 ақпан аралығында профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Профилактикалық бакылау барысында ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224 - VII «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» басты талаптарын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптарын түсіндірді.
Профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша кемшіліктерді түзеу туралы ұйғарым еңгізілді.