Мемлекеттік корпорация мамандарына техникалық сабақ өткізілді

Мемлекеттік корпорация мамандарына техникалық сабақ өткізілді

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында «Qosyl» платформасы арқылы онлайн режиімінде «Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының БЭК, фронт-офис қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген құжаттарды, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жария ету туралы (апостиль)» тақырыбында техникалық сабақ өтті.

Техникалық сабақ барысында №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А. Оразалина  Қазақстан Республикасынаң тыс жерлерде берілген құжаттарды Қазақстан республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен жария ету туралы (легализация, апостиль) түсіндірме жүргізді.    

Техникалық сабақ соңында, № 3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А. Оразалина Мемлекеттік корпорация мамандары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.