«Ашық есік күні»

«Ашық есік күні»

2026 жылдың  6 ақпаныңда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Қонаев қаласы Халыққа арналған цифрлық кеңседе «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Аталған іс-шараға департаменттің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г. Абдулданова «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы филиалының Қонаев қаласынің бөлімшесінің өкілдерімен бірлесе отырып, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша ақпаратттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 Іс-шара барысында аудан халықы тарапынан қойылған барлық сұрақтарға спикерлермен жан-жақты жауап берілді.