
Мемлекеттік бақылау және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі» сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы – мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы – (бұдан әрі – МӘҚИ) Д. Т. Сенгербаев пен бас маман – МӘҚИ Т. Қ. Жексенбаев «Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2026 жылдың 03 ақпан – 06 ақпан аралығында профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Профилактикалық бакылау барысында ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224 - VII «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» басты талаптарын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптарын түсіндірді.
Профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша кемшіліктерді түзеу туралы ұйғарым еңгізілді.