Зейнатақы төлемдерін тағайындау үшін қандай құжаттар қажет

Зейнатақы төлемдерін тағайындау үшін қандай құжаттар қажет

Зейнетақы төлемдерін тағайындау 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің реттеледі.

Әлеуметтік кодексінің 208-бабынаың сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең есепке алынады, еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді.

Зейнетақы төлемдерін тағайындауға  өтінішке қоса берілетін құжаттар тізбесі:

1)өтініш

2) өтініш берушінің  жеке куәлігі ,

3) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:

-еңбек кітапшасы;

-мұрағат мекемелердің анықтамалары және өзге де құжаттар.

4)әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;

5)білімі туралы құжат;

6)балалардың туу туралы куәліктер(і әйелдер үшін)

 7)неке қию туралы куәлік.