Жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау және төлеу тәртібі

Жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау және төлеу тәртібі

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік Кодексі. (бұдан әрі - Кодекс) 196-бабына сәйкес - егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
  2) жасына байланысты зейнетақы төлемдері;
     3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері;
    4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;
    5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;
6) зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.
Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдері азаматтардың белгіленген зейнет жасына жеткен кезінен бастап тағайындалады. Ер адамдар 63 жасқа толған кезде, ал әйел адамдар заңда көзделген кезең-кезеңімен белгіленген жасқа жеткен кезде жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.
Кейбір санаттағы азаматтарға (қауіпті немесе зиянды аймақтарда жұмыс істегендерге) зейнетақы төлемі ертерек тағайындалуы мүмкін, сондай-ақ әйелдерге, егер олар 53 жасқа жетіп, 5 немесе одан көп бала тәрбиелеген болса, төлем стандартты жасқа жетпей берілуі мүмкін.
Кодекстің 208-бабына сәйкес, жасы бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілі есептеледі, оған мыналар кіреді: жалақыға төленетін жұмыс, әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік және табыс әкелетін өзге де қызметтер, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, жасына байланысты зейнеткерге және 80 жастан асқан қартқа күтім жасау уақыты, мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балаға күтім жасау уақыты, жұмыс істемейтін ананың әр бала 3 жасқа толғанға дейінгі күтімі (барлығы 12 жылға дейін), сондай-ақ тарихи отанға оралған этностық қазақтардың шетелдегі еңбек өтілі
Кодекстің 211-бабына сәйкес, жасы бойынша зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс айқындалады: өтініш берушінің қалауы бойынша 36 айлық жұмыс кірісінің жалпы сомасы 36-ға бөлінеді, ал Қазақстанда төтенше жағдай немесе шектеу қолданылған айлар есепке алынбай, олардың орнына тура алдындағы немесе кейінгі айлар пайдаланылады.