
2025 жылдың 19 желтоқсанында «Qosyl» платформасы арқылы онлайн режиімінде «Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының БЭК, фронт-офис қызметкерлерінің қатысуымен «Базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау барысындағы еңбек өтілін есептеу» тақырыбында техникалық сабақ өтті.
Техникалық оқытудың негізгі мақсаты – әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша мемлекеттік бақылау жүргізуді қолданыстағы заңнама тұрғысынан мамандардың білімдерін жетілдіру.
Техникалық оқыту барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2024 жылғы 20 тамыздағы №232 «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрық аясында бекітілген алгортим тәртібі талқыланып, оның талаптарын №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы К. Естеуова түсіндірді.