Профилактикалық бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Профилактикалық бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Мемлекеттік бақылау және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау  және 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі» сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы – мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы – (бұдан әрі – МӘҚИ) Д. Т. Сенгербаев пен бас маман – МӘҚИ М. Б. Мәжитов және бас маман – МӘҚИ А. М. Ақылбек «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шарапат арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 04 – 11 желтоқсан аралығында профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізді.

 Профилактикалық бакылау барысында ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224 - VII «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» басты талаптарын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптарын түсіндірді.

Профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша кемшіліктерді түзеу туралы ұйғарым еңгізілді.