Мемлекеттік қызметтер тізімі

Мемлекеттік қызметтер тізімі

Мемлекеттік қызметтер  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  бұйрығымен бекітілген   әлеуметтік төлемдер туралы Ережелердегі  қосымшалары және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялық және әуәғарыштық  өнеркәсіптік Министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген  «Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімі»  бойынша көрсетіледі (2022 жылғы                              29 қазанда № 467/НҚ өзгерістері бойынша).

Барлығы 17 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, оның ішінде:

  • Жасы бойынша зейнетақы тағайындау;
  • Мемлекеттік базалық зейнетақы тағайындау;
  • Мүгедектігіне байланысты мемлекеттік  әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;
  • Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлеткеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;
  • Арнаулы мемелекеттік жәрдемақы тағайындау;
  • Арнайы мемелекеттік жәрдемақы тағайындау;
  • Мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;
  • Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;
  • бала тууға және бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
  • Жерлеуле арналған жәрдемақы тағайындау;
  • Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау.
  • "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/ немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау";
  • Зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік;
  • Наградталған анаға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау.
  • Көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау;
  • Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру

Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы тағайындау