Профилактикалық бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Профилактикалық бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

     Мемлекеттік бақылау және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау  және 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі» сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы – Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы (бұдан әрі – МӘҚИ)  Д.Т. Сенгербаев және бас маман – МӘҚИ   А.М. Ақылбек пен «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Беріктас ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жамбыл ауданы әкімдігінің «Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде 2025 жылдың 01 – 02 желтоқсан аралығында профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізді.

     Профилактикалық бакылау барысында ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224 - VII «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» басты талаптарын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптарын түсіндірді.