
«2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес 2026 жылғы
1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге, ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге, күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 50 851 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге, жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге болып белгіленеді.
Осыған байланысты, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден 10,5 %-ға арттырылады.
Жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 55 АЕК-ке (237 875 теңге) дейін арттырылады. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 205-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.
Сонымен қатар мүгедектігіне және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемелекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемелекеттік жәрдемақы және бірінші топ мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға мемлекеттік жәрдемақы мөлшері ЕТКД-нің ұлғаюына байланысты (50 851тенге) жоғартылады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу (бұдан әрі – ӘТеа) және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2026 жылы 1 қаңтарынан бастап 10 %-ға артады.
2026 жылғы 1 қағтардан бастап АЕК мөлшерінің артуына байланысты 11 түрлі жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады.