Профилактикалық бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Профилактикалық бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

     Мемлекеттік бақылау және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау  және 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі» сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы – Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы (бұдан әрі – МӘҚИ)  Д.Т. Сенгербаев және бас маман – МӘҚИ   А.М. Ақылбек пен  «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кемертоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жаңатұрмыс ауылының орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Абай ауылының № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Береке орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде 2025 жылдың 10 – 11 қазан аралығында профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізді.

     Профилактикалық бакылау барысында ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224 - VII «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» басты талаптарын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптарын түсіндірді.