Мүгедектігі бар адамдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік төлемдер.

Мүгедектігі бар адамдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік төлемдер.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемдері Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік Кодексінің 175-бабына сәйкес тағайындалады (әрі қарай- Кодекс).

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектік белгіленген күннен бастап, бірақ оны тағайындауға жүгінген күнге дейін немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күнге дейін үш айдан аспайтын мерзімге тағайындалады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы бар мүгедектігі бар адамдардың санаттарына Кодекстің 176-бабына сәйкес жалпы ауруға шалдығудан, жұмыста мертігуден, кәсіптік ауруға шалдығудан болған мүгедектігі бар адамдар, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар бала кезінен мүгедектігі бар адамдар және тағы басқалары жатады.

Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалады.

Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны жаңа мөлшерде төлеу мүгедектік тобы өзгерген күннен бастап жүзеге асырылады.

Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, бюджет қаражаты есебінен ай сайын төленеді.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.