
2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 242-бабына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе базалық зейнетақы төлемін алушы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жерлеуге арналған біржолғы төлем республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Төлем алуға жұбайы, балалары, ата-анасы, жерлеуді ұйымдастыруды өз мойнына алған кез келген азамат, тіпті ол туысы болмаса да құқығы бар.
Егер қайтыс болған азамат мемлекеттен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе әлеуметтік жәрдемақы алушы болса, жерлеуге берілетін жәрдемақы мөлшері 35 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды немесе -137 620 теңге, ал Ұлы Отан соғысы ардагерлері үшін 36,6 АЕК немесе- 143 991 теңге.
Жерлеуге берілетін жәрдемақының мөлшері тұрақты болып табылады және қайтыс болған зейнеткердің немесе жәрдемақы алушының еңбек өтіліне немесе зейнетақысының мөлшеріне байланысты емес.
Төлемге өтініш «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының тұрғылықты жері бойынша бөлімі арқылы немесе eGov порталы (электрондық үкімет) арқылы, проактивті түрде (автоматты түрде SMS арқылы)