Мемлекеттік бақылау және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асыру және «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII кодексінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маман – МӘҚИ М. Б. Мәжитов және бас маман – МӘҚИ Т.Қ. Жексенбаев «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 29 қыркүйегінен – 02 қазан аралығында профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізді, профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым еңгізілді.
Профилактикалық бакылау барысында ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224 - VII «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» басты талаптарын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптары түсіндірді.
Қойылған сұрақтарға департамент мамандары өз құзыры және Заң шеңберінде жауап берді.