2025 жылғы 02 қазан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының Алатау қаласының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау, профилактикалық бақылау қорытындысымен анықталған заң бұзушылықтар бойынша техникалық сабақ өтті.
Техникалық сабақ барысында зейнетақы төлемдерін және жәрдемақыларды тағайындауға ұсынылатын құжаттардың шынайлығына және толықтығына қабылдау, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімдерді сақтау мәселелері және қайта рәсімдеуге қайтарудың негізгі себептері талқыланды.
Бұдан бөлек, №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы О. Рақымбеков мемлекеттік сақтандыру қорынан төленентін әлеуметтік төлемдерге өтініш қабылдау және электронды іс-макеттерін қалыптастыру барысында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленентін әлеуметтік төлемдердің уақытылы және толық аударуын сақталуын қамтамсыз ету, жүргізілген профилактикалық бақылау барысында анықталған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында іс-шаралар қабылау, енгізілген ұйғарымның орындалуы бойынша Департаментке нұсқамада көрсетілген мерзімде жазбаша ақпарат ұсыну қажеттілігі түсіндірді.
Техникалық сабақ соңында спикерлермен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мамандар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.