Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы кімге төленеді?

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы кімге төленеді?

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексімен(бұдан әрі -Кодекс)тағайындалады. Кодекстің 190-бабына сәйкесҚазақстан Республикасы азаматтары,Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.

        Сонымен қатар,бір мезгілде бірнеше негіз бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы олардың таңдауы бойынша тек бір негіз бойынша ғана төленеді.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды алуға құқығы бар азаматтар:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • басқамемлекеттердіңаумағындағыұрысқимылдарыныңардагерлері;
  • Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар;
  • Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесеауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар;
  • "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдар;
  • Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері, "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдар;
  • "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар;
  • 1988–1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегіапаттыңзардаптарынжоюғақатысушылар;
  • жасынабайланыстызейнетақытөлемдерінемесееңбексіңіргенжылдарыүшінзейнетақытөлемдерітағайындалғанбірінші, екіншіжәнеүшіншітоптардағымүгедектігі бар адамдар;
  • саясиқуғын-сүргінқұрбандары, саясиқуғын-сүргіннензардапшеккенмүгедектігі бар немесезейнеткерлерболыптабылатынадамдар және т.б.