Карасай ауданында Конституцияның 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті!

Карасай ауданында Конституцияның 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті!

2025 жылдың 8 тамызында №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары Карасай аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерімен бірігіп "Конституция - әділет пен парасат жолы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаудың мәні мен маңызы, сондай-ақ құқықтық мемлекет құрудағы рөлі талқыланды.

 

Дәрігерлер Конституцияның азаматтардың құқықтарын қорғаудағы, әділеттілік пен парасаттылықты насихаттаудағы маңыздылығына назар аударды. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды өзекті әрі маңызды мәселелер ретінде қарастыру.