Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша 2025 жылғы 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша 2025 жылғы 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері мамандарының қатысуымен  «Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылау жөнінде техникалық сабақ өтті.

Техникалық сабақ барысында зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша негізсіз кері қайтаруларға талдау жасалынып, көрсеткіштері талқыланды. Бұның негізінде негізсіз кері қайтаруларды болдырмау, кері қайтару санын азайту бойынша жұмыс атқару қажеттігі түсіндірілді.  Алдағы уақытта негізсіз қайтарулар болған жағдайда мамандарға шара қолданылатыны қатаң ескертілді.

Бөлім қызметкерлерімен жіберілген қателіктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында қолданыстағы заңнама аясында шешім  қабылдау қажеттілігі түсіндіріліп, кері қайтарған жағдайда міндетті түрде қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасалуы қажеттілігі міндеттелді.

 Одан бөлек, Г.Чуйкеева халыққа қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жағдай туғызатын мән-жайларды болдырмау қажет екенін ескертті.