Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін есепке алынатын еңбек өтілі

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін есепке алынатын еңбек өтілі

     Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу  кезінде төмендегі қызметтер есепке алынады:

1) еңбек шарттары бойынша жұмыс;

2) әскери қызмет;

3) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жердегі жоғары оқу орындарындағы, оның ішінде даярлық курстарындағы, арнаулы орта оқу орындарындағы, училищелердегі, мектептердегі және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарындағы, аспирантурадағы, докторантурадағы және клиникалық ординатурадағы, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарындағы оқу;

4) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;

5) кәсіпкерлік және кірістер әкелетін өзге де қызмет;

6) басқа адамның көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;

7) мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балаға күтім жасаған уақыт;

8) жұмыс істемейтін ананың жас балаларға күтім жасаған, бірақ әрбір бала                      3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт;

9) Қазақстан Республикасының мекемелері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің зайыбы (жұбайы) шетелде тұрған, әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;

10) Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметі;

11) Және тағы басқа Кодекспен көзделген барлығы 16 тармақтан тұратын еңбек өтілдері.