Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Ағымдағы жылдың 08 шілдесінде «Qosyl» платформасы арқылы онлайн режиімінде «Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының БЭК, форнт-офис қызметкерлерінің қатысуымен  «Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Жиын барысында №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Г.Чуйкеева «Е-макет» АҚ жүйесіндегі  есептіліктер негізінде атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша кері қайтаруларға талдау жасалынып, көрсеткіштері талқыланып, жақсарту бойынша шешу жолдары қарастырылды. 

Жиын соңында, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Г.Чуйкеева Мемлекеттік корпорация  мамандары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Одан бөлек, халыққа қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жағдай туғызатын мән-жайларды болдырмау қажет екені ескертілді.