
2025 жылдың 11 маусымында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Кеген аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.
Аталған іс-шараға департаменттің №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А. Оразалина «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы филиалының Кеген ауданы бөлімшесінің өкілдерімен бірлесе отырып, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша ақпаратттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында аудан халықы тарапынан қойылған барлық сұрақтарға спикерлермен жан-жақты жауап берілді.