Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне (бұдан әрі -Кодекс) сәйкес зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақылардан ұстап қалу жүзеге асырылады.
Кодекстің 203-бабына сәйкес зейнетақыдан ұстап қалу шарттары:
- Зейнетақыдан ұстап қалу алушының өтініші негізінде ұсталатын зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген зейнетақы сомаларын қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін.
- Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиісті сомадан жүргізіледі.
- Төленуге тиіс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды.
Кодекстің 174-бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу шарттары:
- Алушының өтініші негізінде ұсталып қалатын мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардың, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің артық есепке жазылған (төленген) сомаларын қоспағанда, мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізіле алады.
- Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу төленуге тиесілі сомадан жүргізіледі.
- Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен төленуге тиісті соманың 25 пайызынан артық ұстап қалуға болмайды.