16 мамыр 2025 Бос орындар жәрмеңкесі өтті

16 мамыр 2025 Бос орындар жәрмеңкесі өтті

2025 жылғы 16 мамыр күні Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Қонаев қаласы бойынша мансап орталығы» ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.

Жәрмеңке қала орталығында 3-ші шағын ауданы, 5/1  ғимаратынының алдында өтті, департаменттің маманы жұмыс іздеушілерді бос жұмыс орындарымен таныстырып,  тікелей әңгімелесу өткізді.

Бос мемлекеттік лауазымдарды толтыру мақсатында жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.