Меню
Страницы

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 40 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСҚАН АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 40 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСҚАН АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ.

Алматы облысында қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған жалпыхалықтық сенбілік өтті. Іс-шара Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік тазалық күніне орай өткізілді.

Тазалық акциясына Департамент қызметкерлері, облыс тұрғындары, еріктілер мен жастар белсенді қатысты. Таң сәріден қолға алған қатысушылар саябақтар мен аулаларды қоқыстан тазартып, қоғамдық орындардың көркін келтіруге өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Мұндай экологиялық шаралар қоршаған ортаның тазалығын сақтаумен қатар, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Шара аясында Қонаев қаласында 200 түп алма ағашының көшеті отырғызылды. Жасыл желекті көбейтуге бағытталған бұл бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және көрікті ортаны қалыптастыруға септігін тигізеді.

Дүниежүзілік тазалық күні аясындағы акция қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет екенін тағы бір мәрте көрсетті. Тазалықты сақтау бір күндік сенбілікпен шектелмей, әр азаматтың күнделікті дағдысына айналғанда ғана нәтижелі болмақ.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері