Балқаш қаласында жалпы практика дәрігерлерін медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша оқыту

Балқаш қаласында жалпы практика дәрігерлерін медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша оқыту

«Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті» РММ мен «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің бірлескен бұйрығына сәйкес Балқаш қаласында емдеу мекемелерінің жалпы практика дәрігерлерін медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) мәселелері бойынша оқыту жүргізілуде.

МӘС бөлімдерінің мамандары дәрігерлерге мүгедектікті белгілеу, науқастардың жағдайын бағалау критерийлері, медициналық құжаттарды рәсімдеу тәртібі және әлеуметтік қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша негізгі аспектілерді түсіндіреді.

Оқытудың мақсаты – дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, бұл халыққа медициналық және әлеуметтік көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар дәрігерлерге сараптама жүргізу кезінде бірыңғай стандарттарды қолдануға көмектесіп, процестің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді.