4 наурызда Қарағандыда «Шектеулі мүмкіндіктері бар адамдарға арналған мүмкіндіктер жәрмеңкесі» атты кездесу өтті. Іс-шараны «TEN QOGAM» үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырды.
Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдаудың өзекті мәселелері, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі және олардың қоғамға кіріктіруі талқыланды. Талқылауға мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қарағанды облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті атынан кездесуге халықты әлеуметтік қорғау саласын бақылау бөлімінің басшысы Жаскленова Дарико Башаровна қатысты.
Кездесу барысында әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту бастамалары мен оларды іске асырудың ықтимал жолдары қарастырылды.