Мемлекеттік қызметтегі әдеп және декларация тапсыру тәртібі бойынша отырыс өтті

Мемлекеттік қызметтегі әдеп және декларация тапсыру тәртібі бойынша отырыс өтті

5 наурызда Департаментте ZOOM форматында отырыс өтті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтау мәселесі мен кірістер туралы декларацияны тапсыру тәртібі қарастырылды.

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Шуданбеков А. И. декларацияны толтыру және тапсыру тәртібін жан-жақты түсіндіріп, оның мерзімдері мен заңнамалық талаптарына ерекше назар аударды.

Департаменттің этика жөніндегі уәкілі Син Т. Б. қатысушыларға қызметтік әдептің негізгі қағидаларын, моральдық-этикалық нормаларды тек жұмыс уақытында ғана емес, бос уақытында да сақтау қажеттігін, сондай-ақ мемлекеттік қызметке деген сенімді төмендетуі мүмкін жағдайлардың алдын алу маңыздылығын еске салды.