2024 жылдың 28 қаңтарында № 3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Бейсбекова Бекзат «Зеленая волна» бағдарламасында «Новое телевидение» арнасында тікелей эфирге қатысып, Қазақстандағы зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады. Бағдарламада зейнетақының құрылымы, оның ішінде базалық, ынтымақты және жинақтаушы бөлігі, сондай-ақ олардың мөлшеріне әсер ететін факторлар қарастырылды. Сонымен қатар көп балалы отбасыларға және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтарға көрсетілетін қолдау шаралары және әлеуметтік төлемдер мен оларды алу шарттарына байланысты заңнамалық өзгерістер талқыланды.