
2025 жылғы 21 қаңтарда №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Жамал Аронқызы Оспанова «SARYARQA» телеарнасының «Уақыт.kz» бағдарламасына қатысып, Қарағанды облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарына қатысты мәселелерді талқылады.
Атап айтқанда, мүгедектікті анықтау рәсімдерін жеңілдету, оның ішінде бұл процесті сырттай проактивті форматқа ауыстыру, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға әлеуметтік қолдау шаралары, мүгедектік бойынша жәрдемақылар мен куәландыру мәселелері, әсіресе балалар арасында талқыланды.
Бұл бағыттағы жұмыс өңір үшін басымдық болып қалып отыр және мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға әрі олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне бағытталған.