Халық заңгері

Халық заңгері

2023 жылдың 26 мамырында Департамент өкілдері – басшының орынбасары Г.А. Оспанова, бас маман заңгер-кеңесші М.Н. Есенғұлов «Таир» сауда үйінің ғимаратыннда өткен азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында оларды қабылдау жөніндегі «Халық заңгері» дәстүрлі республикалық кең ауқымды әлеуметтік  науқанына қатысты.

        Науқанның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету болды. 

          Қарағанды қаласының тұрғындарынан және Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінен 4 адам құқықтық көмекпен қамтылды. Азаматтарға Департаменттің құзыретіне кіретін зейнетақымен және  әлеуметтік  қамсыздандыру бөлігінде мәселелері түсіндірілді.