ҚР Әлеуметтік Кодексі және 01.09.2022ж. Президент жолдауы бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстары туралы ақпарат

ҚР Әлеуметтік Кодексі және 01.09.2022ж. Президент жолдауы бойынша  жүргізілген түсіндіру жұмыстары туралы ақпарат

2022 жылдың 5 қазанында Балқаш қаласы білім бөлімінің “Абай атындағы 2 мектеп- лицейі” КММ "Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" РММ қызметкерлері халыққа Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі бағыттарын және ҚР Әлеуметтік Кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналыс білім беретін мұғалімдері мен техникалық қызметкерлер қатысуымен өтті. Мемлекет басшысы ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, ол төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізуді тапсырды, бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді. Зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға балалы отбасылар мен жұмысынан айырылған азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын жақсартуға байланысты тапсырмаларды атап өтті. Кең ауқымды әлеуметтік сұранысты ескере отырып, Президент 2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасын 61 жас деңгейінде белгілеуді тапсырды.