ҚР Әлеуметтік Кодексі және 01.09.2022ж. Президент жолдауы бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстары туралы ақпарат

ҚР Әлеуметтік Кодексі және 01.09.2022ж. Президент жолдауы бойынша  жүргізілген түсіндіру жұмыстары туралы ақпарат

2022 жылдың 3 қазанында А.Мусин атындағы Балқаш қаласысындағы гуманитарлық техникалық колледжінде“ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті” РММ халыққа Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі бағыттарын және ҚР Әлеуметтік Кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекет басшысы ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Жолдауда балалы отбасылар мен жұмысынан айырылған азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын жақсартумен зейнетақы жүйесінің тиімділігі, сондай-ақ жастардың кәсіпкерлік бастамалары туралы айтылған.