"Инклюзивті қоғамды қалыптастырудағы кітапханалардың даму тенденциялары" тақырыбында өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы ақпарат.

"Инклюзивті қоғамды қалыптастырудағы кітапханалардың даму тенденциялары" тақырыбында өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы ақпарат.

2022 жылғы 6 және 7 қыркүйекте Қарағанды қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінің ғимаратында "Инклюзивті қоғамды қалыптастырудағы кітапханалардың даму тенденциялары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына ҚР Алматы, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Шымкент қалаларының, РФ Новосибирск және Санкт-Петербург қалаларының зағип және нашар көретін азаматтарына арналған кітапхана басшылары қатысты.

Шақырылғандардың ішінде облыстың мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері (Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің департаменті, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама Басқармасы) бар.