Мүгедек адамдардың санаторлық-курорттық емделу қызметтерін алуы

Мүгедек адамдардың санаторлық-курорттық емделу қызметтерін алуы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті» Республикалық Мемлкеттік мекемесі мүгедектердің санаториялық-курорттык емделу қызметін алуына қатысты келесіні түсіндіреді:

«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 22 қантардағы бұйрығына сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптаманың (бұдан әрі – МӘС) жолдамасы бойынша дәрігерлер жазатын оңалту іс-шараларының жоспары негізінде МӘС бөлімінің мамандары мүгедектің санаториялық-курорттың емделу қажеттілігі туралы оңалту жеке бағдарламасының (бұдан әрі – ОЖБ) әлеуметтік бөлігін әзірлеуде (қолына беріледі). Одан әрі мүгедек адам тұрғылықты жері бойынша жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінеді, оған өзінің ОЖБ әлеуметтік бөлігін береді, санаториялық-курорттык емдеу қызметін алуға өтініш жазады.

Әлеуметтік қызметтер порталында мүмкіндігі шектеулі адам өзі қалаған шипажайды таңдайды. Алдағы уақытта жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі адамға ғана шипажайға жолдама береді. Егер мүгедек адам туысымен шипажайға барғысы келсе, онда туысының есебінен өзіне жолдама береді.