"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтау мәселесі бойынша жүргізілген түсіндіру жұмысы туралы ақпарат.

"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтау мәселесі бойынша жүргізілген түсіндіру жұмысы туралы ақпарат.

Ағымдағы жылдың мамыр айында "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандарымен "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау мәселесі бойынша үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлігінде кеңес өткізілді. Барлығы 11 адам, бөлім меңгерушілері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшілер, әлеуметтік қызметкерлер қатысты.

Кеңесті өткізу барысында негізгі назар қызмет алушының жеке жоспарын оның жеке ерекшеліктерін ескере отырып толтыру қажеттілігіне, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жеке жоспардың тоқсан сайынғы мониторингін жүргізуге аударылды.

Кездесу жұмыс атмосферасында өтті, қатысушыларға сұрақтар қойылып, толық түсініктемелер берілді.

Бұдан басқа, мүгедектерге әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізу үшін жағдай жасау мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдар үшін көрнекілік және бейімделген объектілердің мысалы бөлігінде слайдтар көрсете отырып семинар өткізді. Семинар облыс әкімінің орынбасары Е.А.Алпысовтың төрағалығымен өтті.